Серіктестер

Samruk Kazyna logo
Sport Qory logo
Kazzinc logo
NOC RK logo

Тарихта алғаш рет: Қазақстан – әртістік жүзуден құрлықтың абсолютті көшбасшысы

Тарихта алғаш рет: Қазақстан – әртістік жүзуден құрлықтың абсолютті көшбасшысы

28 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен су спорты түрлері бойынша 11-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жетті.

Қазақстанның әртістік жүзуден құрамасы алғаш рет құрлық бойынша абсолютті көшбасшы атанып, 7 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 1-орын үшін Азия чемпионатының Кубогын иеленді.

«Бұл жай ғана жеңіс емес – бұл ерік-жігердің, шеберліктің және табандылықтың дәлелі. Қазақстан жоғары деңгейде бәсекеге түсіп, жеңіске жете алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді, – деді Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының президенті Нұрлан Жақыпов.

Қазақстан құрамасы чемпионатта барлық санат бойынша тамаша өнер көрсетті. Жүзуден спортшылар 10 медаль жеңіп алды – бұл да тарихи маңызды нәтиже. Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына 2006 жылы алғаш рет қатысқалы бірде-бір рет жеңіс тұғырына шықпаған еді. Ерекше жетістіктердің бірі: еркін стильдегі 4×100 метрлік (микс) эстафетада Қазақстан командасы 3:35.36 уақыт көрсетіп, жаңа ұлттық рекорд орнатты. Ал суға секіруден спортшылар финалдық кезеңге өтті. Қазақстанның әйелдер және ерлер су добынан ұлттық құрамалары Азия Чемпионатын қола медаль иегерлері ретінде тәмамдады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша ұлттық құраманың қоржынында 23 медаль бар. Қазақстан 29 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте Қытайдан кейінгі екінші орынды иеленді.

Анықтама: Су спорты түрлері федерациясы – «Qazaq Aquatics» РҚБ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктесі – «Sport Qory» спортты қолдау қоры.

2025 ж. 13 қазан

ДРУГИЕ НОВОСТИ