Серіктестер

Samruk Kazyna logo
Sport Qory logo
Kazzinc logo
NOC RK logo
Activ 5G logo
Altyntau logo

Виктор Друзин – Будапешттегі жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатының қола жүлдегері

Виктор Друзин – Будапешттегі жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатының қола жүлдегері

Əртістік (үйлесімді) жүзуден жарыстың алғашқы күнінде, Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин Будапештте (Мажарстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық спортшы жоғары дайындық деңгейі мен орындау күрделілігін көрсете отырып, ерлер арасындағы техникалық жеке бағдарламасында үшінші нəтижеге қол жеткізді. Өз өнері үшін Виктор Друзин 238.5317 ұпайға иеленді. Ерлер арасындағы жеке техникалық бағдарлама нəтижелері : 1-орын: Захар Трофимов (Ресей) - 241.2409 ұпай 2-орын: Энеко Санчес Агилар (Испания) - 240.5016 ұпай 3-орын: Виктор Друзин (Қазақстан) - 238.5317 ұпай Сонымен қатар, жарыстың алғашқы күнінде, Қазақстан топтық техникалық бағдарламада өнер көрсететін болады. «Qazaq Aquatics» РҚБ бас серіктес «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ-ға, сондай-ақ серіктестер - «SportQory» спорты қолдау қорына, «Казцинк» ЖШС-не, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетіне, «Кселл» АҚ (Activ5G) жəне "Altyntau Kokshetau" АҚ-ға Қазақстандағы су спорты түрлерін дамытуға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

2026 ж. 11 тамыз

ДРУГИЕ НОВОСТИ