
Турнир Алматы қаласында өтеді. Жарыстар 2025 жылғы 13–14 қыркүйекте Алматыдағы Rakhat Fitness фитнес-клубының бассейнінде ұйымдастырылады. Өткізу уақыты: 13:00–17:00.
Қазақстан Республикасының Мастерлер Жүзу Федерациясы “Masters” санатындағы VII жүзу чемпионатына шақырады, деп хабарлайды insports.kz. Жарыстар 2025 жылғы 13–14 қыркүйекте Алматыдағы Rakhat Fitness фитнес-клубының бассейнінде өтеді. Өткізу уақыты: 13:00–17:00. Жас шектеуі – 18 жастан жоғары барлық тілек білдірушілер, дайындық деңгейіне қарамастан, қатыса алады. Чемпионат барлық спорттық стандарттарға сай өткізіледі. Бұл тамаша мүмкіндік: -өз күшіңізді сынап көруге, -пікірлес жандармен танысуға, -жүзудің қуанышы мен энергиясын сезінуге. Федерация спортшылардың ресми рейтингін жүргізеді. Әрбір қатысушы өз нәтижесін жалпы есепте де, жекелеген қашықтықтар бойынша да қадағалай алады. Жарыс қорытындысы бойынша Мастерлер Жүзу Федерациясының ережесіне сәйкес спорттық разрядтар мен атақтар беріледі.
2025 ж. 7 қыркүйек