
19-21 маусым аралығында Toronto Pan Am Sports Centre-де өткен Əлем Кубогының Суперфиналына жиырмадан астам мемлекеттің спортшылары қатысты. Ақпанда Колумбияның Медельин қаласынан басталып, Париж, Сиань жəне Испанияның Понтеведра қалалары арқылы өткен бесезеулі маусымдық турнирді қорытындылады.
Канадада Қазақстанды əртістік жүзу ұлттық құрама командасы келесі құрамда таныстырды: Друзин Виктор, Джаманчалова Даяна, Курмангалиева Айгерим, Макарова Ксения, Павлецова Анна, Столбунова Валерия, Болатова Наргиза, Туякова Ясмин, Исламова Ясмина, Рамазанов Алдияр, Магрупова Карина, Якимова Жаклин, Мерзлякова Полина. Ерлер арасындағы жекелей техникалық бағдарламасында Суперфиналдың қола жүлдегері атанған қазақстандық спортшы Виктор Друзин 235.4583 ұпай жинап, қытайлық Го Муе мен британдық Ранджуо Тоблиннің арасында орналасты. Келесі күні ол бір сатыға жоғары көтеріліп, еркін бағдарламада 248.5525 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Наргиза Болатовамен дуэтте еркін аралас бағдарламада тағы бір қола жүлдеге ие болды, мұнда қазақстандық жұп 243.8800 ұпай жинап, Италия, АҚШ жəне Колумбия құрамаларынан озды. Ясмина Исламова жекелей жарыстарды техникалық бағдарламада 11-орынмен, еркін бағдарламада 9-орынмен аяқтаса, Алдияр Рамазановпен бірге техникалық аралас бағдарламада 5-орынды иеленді. Наргиза Болатова мен Ясмин Туякованың дуэті техникалық жəне еркін бағдарламаларда тиісінше сегізінші жəне оныншы орындарда орналасты. Қазақстанның командалық құрамалары техникалық бағдарламада тоғызыншы, еркін бағдарламада сегізінші, акробатикалық бағдарламада тоғызыншы орынды иеленді, бұл нəтижелер команданың тұтас бейнесін көрсетеді: Қазақстан Супер финалдың барлық дерлік бағдарламаларына қатысып, маусымның бір де бір кезеңін жіберіп алмады. Торонтодағы нəтижелерді ескере отырып, бұл Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Əлем Кубогындағы он жетінші жүлдесі. Колумбияның Медельин қаласында қазақстандық спортшылар бірден алты жүлде, екі алтын, бір күміс жəне үш қола жүлде жинады. Содан кейін Парижде екі жүлде, Сианьда төрт жүлде жəне Испанияның Понтеведра қаласында екі жүлде қосылды, ал Торонтода маусымды үш жүлдемен аяқтады. «Qazaq Aquatics» РҚБ федерациясы қолдау көрсеткені үшін Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ-на, сондай-ақ серіктестер – «SportQory» спортты қолдау қоры, «Казцинк» ЖШС, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті жəне «Кселл» АҚ (Activ 5G) компаниясына шынайы алғысын білдіреді.
2026 ж. 23 маусым